Роналдудың 4 жасар ұлы өз анасының кім екенін білгісі келеді...
2014 ж. 26 шілде
1952
0
Криштиану Роналдудың 4 жасар ұлы - Криштианинью өз анасының кім екенін және қайда екенін білгісі келеді. Бұл туралы The Daily Mail футболшының әпкесі Элманың сөзін мысал ете отырып, жариялады деп хабарлайды Қазақпарат.
Мәліметтер бойынша, Роналду баласына оның сурогатты анадан туғанын айтып беруге батылы жетпеген. Сондықтан, оның анасы "аспан әлемінде" екендігін айтыпты.
"Криштианинью мұндай жауаптан кейін томаға-тұйық күйге түсті. Содан бері анасы жайлы еш сұрақ қойған емес", - дейді Эльма.
Роналду сурогатты анадан бала сүйіп, 2010 жылы 17 маусымда әке атанған болатын. Криштианиньюдің анасы Калифорнияда даяршы болып жұмыс істейді деген қауесет бар.
Роналдудың жанұясы баланың анасы туралы еш дерек бергісі келмейді. Қазіргі уақытқа дейін футболшы Ирина Шейк есімді модельмен романтикалық байланыста. Алайда, орыс қызы баланың анасы бола алмайтыны белгілі. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/323501.html
ҚазАқпарат