Месут Өзіл 23 баланың отасына қаржы бөлмек

Дертке шалдыққан 23 бразилиялық балаға Месут Өзілдің қаражатынан ота жасалады деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл қадамға барсам деген ой, футболшының басында бразилиялықтардың қонақжайлығына деген риза сезімнен туған.

Месут Өзіл 23 баланың отасына қаржы бөлмек
Фото: eurosport.ru

"Құрметті жанкүйерлер, мен Әлем Кубогы қарсаңында 11 балаға ота жасалуына демеушілік көрсеттім.  Әлем чемпионатындағы толық құрамамыздың жеңіске қол жеткізгеннен кейін 23 балаға  көмек көрсеткім келеді. Бұл - менің бразилиялықтардың қонақжайлығына деген алғысым", - деді Өзіл "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында. 25 жастағы жартылай қорғаушы мундиальда жеті ойын өткізіп, бір гол соққан.

Ол Германия құрамасымен бірге ақтық сында Аргентина құрамасын артта қалдырып, алтын медальға ие болды. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/322209.html

ҚазАқпарат