ФИФА Неймардың жарақаты үшін "Барселонаға" 238 мың еуро төлемек

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймардың жарақаты үшін өтемақы ретінде Испанияның "Барселонасына" шамамен 238 мың еуро төлейді.

Бұл туралы Lenta.ru Marca-ға сілтеме жасап хабарлады, деп жазады bnews.kz.

4 шілде күні Колумбияға қарсы Әлем чемпионатының ширек финалдық матчында Хуан Суньигамен қақтығысып қалған Неймардың омыртқасы сынған еді. Ойыншының қайта қалпына келу мерзімі шамамен 45 күнді кұрайды, ал еңбекке жарамсыздық үшін төленетін өтемақы есепшотқа 2 тамыздан бастап аударылады.

Неймардың жалақысы жылына 5,1 млн еуроны құрайды. Осылайша, ем алған әрбір күн үшін ФИФА Барселонаға 13 972 еуро төлемек, ал тиісті өтемақының жалпы сомасы 238 мың еуроны құрады.

BNews