Футболдан Қазақстан чемпионы "Қайраттан" оңбай ұтылды

Шілденің 3-і күні Еуропа лигасы аясында албаниялық "Кукеси" клубын жеңіп жігерленген алматылық "Қайрат" Қазақстан чемпионатының 19-шы турында 6 шілде күні "Ақтөбені" қабылдады.

Орталық стадионда өрбіген тартысты дода 7:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Бұл жеңіс "Қайрат" футбол клубын турнис кестесінің бірінші сатысына көтерді.

Ал Қазақстан Чемпионатының соңғы турларында сәтсіз өнер көрсеткені үшін "Ақтөбе" футбол клубының бапкері Владимир Никитенко қызметінен кету жөнінде арыз берді.

Жаңа бапкердің орнын кім басатыны жуық арада шешіледі, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

"Ақтөбе" клубы соңғы 6 ойында жеңіске жете алмай келеді, жығылғанға жұдырық болғандай кешегі "Қайратпен" өткен ойында 7:1 есебімен ойсырай жеңілді.

Сол себепті бас бапкер енді өз орнын босатпақ.

news.nur.kz