ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ – 2014. НИДЕРЛАНДЫ ЖЕҢІСІ

Жартылай финалдық ойындардың көркін келтіріп, шырайын аша түсетін құрамалар толық белгілі. Олар: Бразилия мен Германия, Аргентина мен Голландия құрамалары. Соңғы кездесуде Голландия құрамасы талайдың таңданысын туғызған Коста-Рика құрамасын пенальтилер сериясы бойынша ұтты. Коста-Рика құрамасына осы бір меженің өзі «рекорд». Ал, «қызғалдақтар» елі жартылай финалға осымен төртінші мәрте шығып отыр. Осыған дейінгі үш жартылай финалдық ойындардың бәрін жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Бірақ, ғұмырында ұтып көрмеді…Гол Кост 2 Голландия құрамасы ойын барысында бірнеше шабуылдар ұйымдастырып көрген болатын. Бәрі нәтижесіз. Тек, қауіпті шабуыл ғана болып қалып жатты. «Қызғалдақтар» елінің ойыншылары тепкен доптар қақпа бағанасынан, маңдайшасынан кері қайтты. Коста-Рика құрамасының қақпашысы, жаттығу барысында теннис шарларын қайтаратын қайратты Кейлор Навастың да тамаша «сейфтерін» көрдік. Қарымта шабуылға ик артқан Коста-Рика құрамасы еш көрсеткіш көрсете алмады. Кездесу бойы алаң жиегінде қағазына шұқшиып отырған ван Гал ойын соңында нағыз «дүрбелең» орнатты. Ойын бойы негізгі қақпашының рөлін атқарған Яспер Силлеснді, Тим Крулға алмастырды. Осыған дейін ван Гал еш қателескен емес… Осының алдында болған кездесулердің бәрін қарасаңыз ван Гал қосқан футболшы нәтиже алып келген. Бүгінде дәл солай болды. Пенальтилер сериясының нағыз қаһарманы болып Тим Крул танылды. Ал, матятың үздігі өз қақпасына доп жібермеген Кейлор Навас болды. Луис ван Гал бәріне дайын Луис ван Галдың бұл әрекеті талайын таңғалдырғаны анық. Пенальтилер сериясының қаһарманы (23- Тим Крул).
ГОЛЛАНДИЯ – КОСТА-РИКА  0:0 (0:0). Пенальти бойынша:  4:3 6 шілде. Салвадор. «Фонте-Нова» алаңы. Төреші: Равшан Ирматов (Өзбекстан). Ескерту алды: Инди 64, Хунтелар 111 – Диас 37, Уманья 52, Гонсалес 81, Акоста 107. ГОЛЛАНДИЯ:Яспер Силлессен 120+1 (Тим Крул), Рон Влаар, Стефан де Врей, Бруно Мартинс Инди 106 (Клас-Ян Хунтелар), Дэйли Блинд, Дирк Кейт, Джорджиньо Вейналдум, Мемфис Депай 76 (Джермейн Ленс), Уэсли Снейдер, Арьен Роббен, Робин ван Перси. КОСТА-РИКА:Кейлор Навас, Джонни Акоста, Джанкарло Гонсалес, Майкл Уманья, Сеьсо Боргес, Жуниор Диас,  Кристиан Гамбоа 79 (Дэйв Мири), Кристиан Боланьос, Ельцин Техеда 97 (Хосе Куберо), Брайан Руис, Жоэль Кэмпбелл 66 (Маркос Уренья). Пенальтилер сериясы: -Сельсо Боргес (гол, есеп 0:1). -Робин ван Перси (гол, есеп 1:1). -Брайан Руис (қақпашы қайтарды, есеп 1:1). -Арьен Роббен (гол, есеп 2:1). -Джанкарло Гонсалес (гол, есеп 2:2). -Уэсли Снейдер (гол, есеп 3:2). -Кристиан Боланьос (гол, есеп 3:3). -Дирк Кейт (гол, есеп 4:3). -Маркос Уренья (қақпашы қайтарды, есеп 4:3).
Ойынның үздігі Дереккөз: http://www.alaman.kz/?p=58423