Ақтөбе футбол клубы 1 млн еуроға ойыншы сатып алды

DETAIL_PICTURE_526966 Ақтөбе футбол клубы бразилиялық қорғаушы Андерсон Сантананы 1 млн еуроға сатып алды. 28 жастағы ойыншы мен Ақтөбе клубы қол қойған келісімшарттың мерзімі бір жарым жыл екен. Бұрын Андерсон Сантано Маморе, Кабуфренсе және Крузейро сынды латын-америкалық командаларда өнер көрсетіпті. Ал 2010 жылы футболшы Терек командасының құрамына кірген еді, бірақ ол клубтың атынан бірде-бір матч өткізбеген. Екі жылдан соң Андерсон португалдық Витория командасына ауысқан болатын. Кейіннен одессалық Черноморецта доп тепкен. Келісімшарт құны бір млн еуроны құраған футболшы қазір Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат үш ойыншының тізіміне еніп отыр nur.kz