Иса Ақбербаев 12-рет жеңіске жетті

иса акбербаев Кәсіпқой бокстан IBO Intercontinental тұжырымы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (11-0, 7 КО) Мытищи қаласында кениялық боксшы Моррис Околамен (4-0, 2 KO) кездесу өткізді, деп жазады sports.kz. Қазақстандықтың қарсыласы бесінші раундтағы нокдауннан соң, кездесуді жалғастырудан бас тартты. Сол себепті оған техникалық нокаут есептеліп, жеңіліс тапты. Айта кетейік, бұл кәсіпқой бокстағы жерлесіміздің 12-ші жеңісі.