Белгілі боксшы Бақыт Сәрсекбаев бапкерін сотқа берді

10067Астанадағы Сарыарқа сотында Олимпиада чемпионының жеке бапкері әрі туысы Кәрім Махмұдовқа қатысты азаматтық қуынымы қаралуда. Боксшы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында дау-дамайға Астанадағы үш бөлмелі пәтердің себеп болғанын айтты. Оны 2009 жылы Бақыт Сәрсекбаев өзінің бапкеріне сыйлаған екен. Бірақ боксшы ол үшін бір шарт қойған... "Махмұдов екеуміздің арамызда екіжақты міндеттеме болды. Махмұдов өз міндеттемесін орындаған жоқ (...) Ол өз міндеттемесі бойынша дайындауы, жаттықтыруы керек еді. Ол дайындамағандықтан және жаттықтырмағандықтан осылай болды, ол бұдан бас тартты", – деді Бақыт Сәрсекбаев, жаттықтырушысы боксшыны Лондон Олимпиадасына дайындауы керек болғандығын айтып. Бұдан әрі Бақыт Сәрсекбаев басында бапкерінің пәтерді қайтып бермек болғандығын, спортшының жұбайының атына сенімхат жазғандығын жеткізді. Алайда, боксшының айтуынша, Кәрім Махмұдов соңғы сәтте жылжымайтын мүлікті басқа біреуге сатып жіберген. Баспананы сатып алған мәжілісші Азат Перуашевтің жүргізушісі болып шыққан. "Ол (жатықтырушы Кәрім Махмұдов – автор) пәтерді Азат Перуашевтің жүргізушісі Сағымбаевтың атына аударып тіркеген. Бұл не үшін  керек болды, ол жағы маған белгісіз", – дейді боксшы. Өз кезегінде, Азат Перуашев Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында бұл даудың сотта қаралып жатқандығынан бейхабар екендігін білдірді. Дегенмен, депутат өз қызметкеріне баспана сатып алуға қаржылай көмек көрсеткіндігін жасырған жоқ. "Мен көмектестім, бұл – шындық. Өзіммен бірге жұмыс жасайтын, маңайымдағы адамдарға көмектесі тұруға тырысамын. Айтпақшы, Бахаға да. Бақытқа бір пәтерді менің өтінішімі бойынша, менің достарым сыйлаған, ал Бейжің Олимпиадасынан кейін оған төрт пәтер сыйға тартылды", – деді Преуашев, 2004 жылы бокста енді көзге түсіп келе жатқан Сәрсекбаевты Өзбекстаннан Қазақстанға алып келген өзі екендігін еске түсіріп. "Ол – шынымен де ұлы спортшы. Бәлкім, бұл дауды ың-шыңсыз шешуге адамгершіліктік қасиеттері жетпеген болар. Бір ісінің ыңғайы келмей жатса, жасықтық танытып, кінәлілерді іздей бастағандай. Жаттықтырушысын кінәлап, айналасындағыларға кінә артып, оның ішінде маған да... Әйтсе де, Бақыттың жігер, санасы өзін-өзі сабасына түсіріп, еркектік әрекет жасауға жетеді деп ойлаймын", – деп өз ойын білдірді Азат Перуашев. Боксшы Бақыт Сәрсекбаев – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңіген спорт шебері. Бүгінде Қазақстан бокс федерациясының тәжірибелік құрамасының үйлестірушісі болып табылады.

Tengrinews.kz