«Барыс» тағы да басым түстi
2014 ж. 29 қаңтар
1341
1
Астанада жергiлiктi "Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасында Ханты-Мансийск қаласынан келген "Югра" клубын 4:3 есебiмен тiзе бүктiрдi.
Ең алғашқы голды ойынның небәрi 49-секундында "Барыс" салған болатын. Оның авторы - Роман Старченко. Дегенмен, бiрiншi айналымның соңғы минуттарында Никита Гусев есептi теңестiрiп кеттi. Екiншi айналымда астаналықтар тағы да бiрден шабуылға ұмтылды. Қарқынды шабуылдардың бiрiнде Михаил Рахманов "Барысты" алға шығарса, оның iзiн ала Николай Антропов команданың мерейiн үстем еттi. Дегенмен қарсыластар сапынан Артем Булянский екiншi шайбаның авторы атанып, "Барыстың" ұзап кетпеуiне жағдай жасағанмен, үш минуттан соң Брендон Боченски қазақстандық команданың есебiн еселедi. Соңғы айналымда Булянский Ари Ахоненнiң қақпасына тағы бiр шайба салып, "Юграға" үмiт отын жағып берген болатын. Алайда "Юграның" әлi одан әрiге жетпедi. Қорытынды есеп - 4:3.
Айта кетейiк, бұның алдында ханты-мансийскiлiк клуб қарсылас шақ келтiрмей, қатарынан үш рет жеңiске жетiп келген болатын.
Қазақпарат