Жансая жарады
2014 ж. 11 қаңтар
1792
4
"Қазақ үні" газеті оқырмандарымен бірге дауыс беру арқылы 2013 жылдың үздіктерін анықтаған болатын. Көптің пікірімен өткен жылдың ең үздік спортшысы шахмат ойынының шебері Жансая Әбдімәлік болып танылған еді. Жыл басталысымен Жансая жұртшылықты тағы таң қалдырды. Жансая әйгілі Карповты жеңді.
Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының салтанатты ашылуы болып өтті.
Аталмыш шараға әлемдегі ең танымал шахматшылардың бірі Анатолий Карпов қатысты.
Ашылу салтанатынан кейін Карпов пен Әбдімәлік өзара төрт партия ойнады. Соның екеуінде атақты спортшының мерейі үстем болса, бір ойын тең аяқталды, тағы бір ойында Жансая азулы қарсыласынан айласын асыра алды.
Атап өтейік, Анатолий Карпов 12-ші әлем чемпионы. 1970 жылдан бері халықаралық гроссмейстер. Ол әлем чемпионаттарында 1975, 1978 және 1981 жылдары үш мәрте, ФИДЕ аясындағы әлем чемпионаттарында үш рет (1993, 1996, 1998 жылдары) жеңіске жеткен.