Әнұранды жатқа білмейтін спортшыға шара қолданылуда
2013 ж. 07 желтоқсан
1160
0
2014-жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиадаға дейін Қазақстан атынан сынға түсетін спортшылар мемлекеттік әнұранды түгелімен жаттап алулары тиіс.
"Әр спортшы өзінің осы әнұранды білетіндігін таспаға жазып, өздері сондай жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Әр спортшының білетіндігін біз оны таспа жүзінде бәрін тексердік. Оған бізде комиссия құрылған. Сол комиссия өздерінің жұмыстарын атқарып жатыр", - деді ҚР Спорт және дене шықтыру істері агенттегінің төрағасы Тастанбек Есентаев. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жаңа төрағасы Тастанбек Есентаев қызметіне кірісе салысымен осылай талапты күшейтіп жатыр екен. Жаңа төраға спортшылардың әр қайсысына ән ұранның таспасын жеке-жеке таратқызыпты.
Алайда, әлі ұлттық құрама толық жасақталып болмаған. Ұйымдастырушылар қаңтарға дейін уақыт бар деп отыр. Десе де, жанкүйерлерге қатысты мәселе шешіліп қойылыпты. Сочиға 300 қазақстандық барып, спортшыларымыздың шашбауын көтермек. Олар азық-түлік пен жатын орынмен тіпті спорттық құрылғылармен де қамтылмақшы екен.
nur.kz