Арман Оспанов самбодан әлем чемпионы атанды

SamboҚазақстандық самбошы Арман Оспанов 68 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

Финалда Оспанов Ресей спортшысы Руслан Гасанхановты жеңді. Ал оның қарсыласы болса, бас төрешінің шешіміне қарсылық ретінде одан әрі күресуден бас тартты. Ресей спортшысы қазақстандықтан 3:7 есебімен ұтылып жатқан болатын және оның пікірінше, «соттың әділетсіз шешімінен кейін», белдесуін тоқтатқан.

 Қазақстанның тағы бір спортшысы Әсет Әлдешев 52 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Еске сала кетейік, Санкт-Петерборда самбодан өтіп жатқан әлем чемпионаты бүгін аяқталады.

"ҚазАқпарат"