Қазақстан ауыр атлетикасы жазаланды

4b12b7e0f130e10f8c80c7392a977a6fIWF Қазақстан ауыр атлетика федерациясын жазалады. Енді біздің федерация 500 мың доллар айыппұл төлеуі тиіс. Бұл туралы alaman.kz «Вашингтон-пост» басылымына сілтеме жасап хабарлады. Биылғы жылғы жарыстарда тоғыз спортшымыздың допингпен ұсталғаны белгілі. Осының салдарынан халықаралық ауыр атлетика федерациясы біздің ұйымды осылай жазалап отыр. Егер Қазақстан айыппұлды төлемесе біздің кез келген спортшымыз төрт жыл бойы кез келген халықаралық жарысқа қатыспайды. Төрт жыл жарысқа қатыспасақ, Рио де Жанейро олимпиадасына да баруға мүмкіндік болмайтыны сөзсіз. Тіпті 2014 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының Астанада өтпей қалу қауіпі төніп тұр.

 bnews.kz