Қарағандылықтар Малайзияда өткен Паралимпиада ойындарынан 12 медальмен оралды
2013 ж. 09 қараша
1211
0
Қарағандының тоғыз спортшысы Куала Лумпур қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азияның паралимпиада ойындарына қатысып, түрлі дәрежедегі 12 медальді еншіледі.
«Малайзияның Куала Лумпур қаласында қазанның 24-31 аралағында жасөспірімдер арасындағы екінші Азия паралимпиада ойындарына Қарағанды облысынан 9 спортшы қатысты. Суда жүзу мен жеңіл атлетика жарыстарынан 12 медальді еншіледі, 4 алтын, 4 күміс және 4 қола», - деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Спортшыларды Наталья Манохина (жүзу) және Сергей Безгачев (жеңіл атлектика) деген жаттықтырушылар баптады.
Қарағанды облысы құрамасының қоржынына екі алтын медальді Андрей Афанасьев әкелді. Ол брасс пен еркін жүзуде жеңімпаз атанды.
Бірінші орындарға сонымен бірге, Кирилл Кузнецов (жүзу, брасс) пен Руфат Хабибулин (жеңіл атлетика, найза лақтыру) ие болды. Р. Хабибулин бұл жарыстарда алтын, күміс және қола медальдарды еншіледі.
Жүзу бойынша жаттықтырушы Н.Манохина егер жаттығуға ыңғайлы жеке базамыз болғанда қарағандылық спортшылардың көрсеткіштері бұдан да жоғары болар еді дейді.
«Барлық халықаралық жарыстар 50 метрлік бассейндерде өтеді. Бізде, Қарағандыда, өкінішке орай ондай жоқ. Ал жүзгіштеріміз біздің жақсы», - деп өкінішін білдіріп қалды хаттықтырушы. Жарысқа дайындалу үшін қарағандылықтарға Таразға баруға тура келген.
Куала Лумпурде өткен паралимпада ойындарына әлемнің 32 елінен 2500 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасына елдің түрлі өңірлерінен 38 спортшы енген. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан барлығы 39 медальмен 9-шы орыннан көрінді.