Хоккейден «Барыс» клубы В.Крикуновтың командасымен ойнайды
2013 ж. 30 қазан
2102
0
Бүгінде Нижнекамск қаласының хоккей клубын «Барыстың» экс-бапкері Владимир Крикунов жаттықтырады. Ол үшін биылғы чемпионат сәтті басталды. Команда алғашқы ойында «Ақ Барсты» (Қазан) жеңді. Алайда кейінгі уақытта 8 рет қатарынан ұтылды. Ал соңғы екі матчта «Нефтехимик» хоккей клубы «Юграны» 6:3 есебімен ұтса, «Автомобилистке» (2:3) жол беріп қойды. Қазір бұл команда Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 23-ші орында тұр. Оның еншісінде 23 ұпай бар. «Барыстың» ұпай саны екі есе артық - 46. Сырт алаңда өткізген соңғы төрт ойында команда өз қарсыластарын жеңе білді. Бірақ өз алаңында болған екі матчта «Металлург» (Магнитогорск) және «Тракторға» (Челябі) жол беріп қойды. Соған қарамастан, Астана қаласының хоккей клубы жалпы турнирік кестенің 4-ші орнын сақтап келеді.