Бокстағы мықтыларымыз ширек финалға жолдама алды

20131022151703 Дүбірлі бокс додасында қазақ боксшылары  Біржан Жақыпов (49 кг), Ілияс Сүлейменов (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычколар мықтылықтарын дәлелдеп,1/4 финалына шықты . Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов 69 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының ширек финалдық жолдамасын Франция өкілі Сулеймани Сиссохомен сарапқа салды. Кездесу қорытындысы бойынша Данияр жеңіске жетіп, ширек финалға шыққан тоғызыншы қазақстандық боксшы атанды. Сонымен қатар, бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін 60 келі салмақта қазақстандық Берік Әбдірахманов Германия спортшысы Роберт Харутюнянмен кездесті. Қазақстандық спортшы белсенділік танытқан ойын оның жеңісімен аяқталды. Боксшыларымызға сәттілік тілейміз!