Біржан, Данияр, Әділбектің қарсыластары белгілі болды

0
1010

Алматыда бокстан әлем чемпионатының үшінші күнінде үш бірдей былғары қолғап шеберлеріміздің қарсыластары белгілі болды.

49 келіде шаршы алаңда өнер көрсететін Біржан Жақыповтың қарсыласы – ресейлік Бэлик Галанов болды. 2011 жылы Еуропа чемпионатының ақтық сынында шайқасқан Бэлик алғашқы айналымда украин чемпионы Вадим Кудряковты қапы қалдырды. Бұл украиналық құрама сапынан шығып қалған үшінші боксшы болып отыр.
81 келідегі Әділбек Ниязымбетовтың қарсыласы – финляндиялық Вилли Хукканен. Ол алғашқы айналымда 30 жастағы непалдық боксшы Дипак Махарджанды жеңді. Данияр 20 қазан күні қарсыласымен шаршы алаңда күш сынасатын болады.
69 келідегі ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов Багам аралдарынан келген Карл Хиелдпен жұдырықтасатын болды. Карл бүгін Шотландия боксшысы Льюис Бенсоннан басым түсті. Енді Данияр да 20 қазан күні шаршы алаңға шығады

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз