Нағыз қазақ Головкин британдық Маклинді сұлатып салды...
2013 ж. 30 маусым
2394
9
30 Маусым 2013, 12:32
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгін өзінің 27-ші жеңісін тойлады. WBA дәрежесі бойынша әлем чемпиондығына шайқаста ол британдық Мэттью Маклинді жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалды.
Мінезді боксшы атанған Маклин жекпе-жек басталысымен алғашқы раундта екпіндей бастап еді, біздің батыр оның пәпігін су сепкедей бірден басты. Екінші раундта-ақ көрермендер "сайыс бітіп қалады-ау" деген қауіпте отырды. Бірақ, британдық боксшы әупіріммен құламай жүрді...
Көрермендердің шыдамын сынағысы келмеген Геннадий жекпе-жекті ұзаққа созбай, үшінші раундта нүктесін қойды. Сайыс бастала салысымен қарсыласын соққының астына алған ол өзіне тән әдісімен Маклиннің бауыр тұсынан соғып, талдырып түсірді. Ұзақ уақыт басын көтере алмаған британдық боксшыға дәрігерлердің көмектесуіне тура келді...
Барлығы 27-ші кездесуінде 27 рет жеңіске жетіп, бір рет те жеңіліп көрмеген ол 24 рет қарсыласын нокаутпен құлатқан.
Рингке өзіне жараса қалатын қазақтың ұлттық шапанымен шығатын нағыз қазақ Геннадий Головкин бауырымызды кезекті жеңісімен құттықтай отырып, майданның бәрінде маңдайың жарқырай берсін деп тілейміз!
Қ.Сейхуни.
www.qazaquni.kz