«Ақ жол» велошеруде...

 Саяси партиялардан тек «Ақ жол» партиясы қатысқан шеруде Алматы қаласының әкімі А.Есімовтен бастап қоғамдық ұйым өкілдері, жоғарғы оқу орындары яғни ұзын-саны 3000-нан астам велошабандоз - салауатты өмір салтын қолдауда халықаралық деңгейдегі ко­манданы,олардың алда­ғы топтық жарыстарда жеңіс­тіктерге жетуіне қолдау көрсетті. Велошеру жолы - Тәт­ті­беков пен әл-Фараби кө­шелерінің қиылысынан бас­талып, «Тұңғыш Пре­зи­дент саябағына» дейін 5200 м. қашықтықта жүріп өтті. Вело­шерудің соңы концерттік бағдар­ла­маға ұласты. Партия белсенділері Пре­зиденттің жастар арасында салауатты өмір салтын дамыту саясатын қолдайтындығын айтып, отандық велоспорт пен тұрғындар арасында велобағыт мәдениетін жандандыру ниетімен «Ал­маты» телеарнасына сұхбат берді. Алдағы уақытта фи­лиал белсенділері Ал­маты қаласындағы вело­шерулерге тұрақты түрде қа­ты­сатын­дықтарын жеткізді.

А.ТӘЖІК