МЫСЫРДЫҢ МЫСЫН БАСҚАН АРГЕНТИНА ЕМЕС… ТӨРЕШІ…

МЫСЫРДЫҢ МЫСЫН БАСҚАН АРГЕНТИНА ЕМЕС… ТӨРЕШІ…

Иә, саңлақ футболшы Салах бастаған Мысыр футболшыларын Месси бастаған Аргентина әділ жеңе алған жоқ! Әлем жұлдызы бастаған командаға төрешілердің төтелей болысуы алға шығарды…

Негізі Египеттік шабуылшы Мұстафа Зико Мохамед Салахтың пасынан кейін допты қақпаға шебер салып, есепті 2:0-ге жеткізген еді… 

Бірақ бұл голды бас төреші Франсуа Летесье VAR жүйесіне жүгініп, шабуылдың ең басында, яғни алаңның қарама-қарсы шетінде болған оқиғаны қайта қарап, есептемей қойып, әділетсіздік жасады.

Зиконың голын есептемеген төреші дәл сондай жағдайда салған Аргентиналық Энцо Фернандестің де салған үшінші голын есептемеу керек еді?!.

Сонда негізгі ойын тең аяқталып, жеңіс ойында немесе пенальтиде айқындалар еді…

Мысырлықтардың мысын басқан Аргентиналықтар емес… әділетсіз төреші Франсуа Летесье! Иә, ол өзін Аргентина командасының #12 ойыншысы ретінде көрсетті…

Бұған футбол көріп отырған жүздеген миилион көрермен куә болды.

Осындай әділетсіздік жасалған кезде футбол тарихындағы ең әділ, ең беделді төрешілердің бірегейі – италиялық Пьерлуиджи Коллина еріксіз еске түседі.

Халықтың талабы - спорт падишасы футболда әдемі ойынмен бірге әділ төрешілік.

Бүгін Хакими бастаған Марокко мен Мбаппе бастаған Франция жекпе-жегінде 2:0 есебімен француздар жеңіске жетті. «Атлас арыстандары» барын салып, жақсы ойын көрсетсе де, сәтін салмады… 

Әлем чемпионаттары тарихына енген Марокко құрамасының қақпашысы Яссин Бунудың жанкешті күресін атап айту керек.

Opta Sports хабарлағандай, Буну бір әлем чемпионатында үш матчта қақпасына бір де бір гол өткізбеген алғашқы африкалық қақпашы болды. Ол әлем чемпионы Испаниямен (0:0, пенальтиде 3:0) және атышулы Португалиямен (1:0), Хорватиямен (0:0) есебімен бір де бір гол өткізбей қақпасын қаһарманша қорғап қалды. 

Жастары футболдан әлем чемпионы атанған Марокколықтардың жеңісті күндері алда екеніне сенеміз.

Әлем чемпионатының дүбірі күннен күнге күшейіп келеді. 

Алда - жартылай финалдар.

Қазыбек ИСА,

Қазақ үні