Қазақ боксшысы тәжік қарсыласын алғашқы минутта нокаутқа жіберді
2026 ж. 03 мамыр
188
0
ҚР бокстан спорт шебері, отандық боксшы Әли Бауыржан жекпе-жектің алғашқы минуттарында қарсыласын нокаутқа жіберді.
Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Қазақстан кәсіби бокс федерациясының ұйымдастыруымен халықаралық турнир өтті.

Кештің ең жарқын жекпе-жектерінің бірі Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы ІІМ академиясының курсанты, ҚР спорт шебері Бауыржан Әли мен тәжікстандық спортшы Раджабой Ахмедов арасында өтті.

Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек уақытынан ерте аяқталды. Бірінші раундтың 57-секундында қазақстандық боксшы қарсыласына дәл әрі қуатты соққылар сериясын жасап, оны техникалық нокаутқа түсірді. Төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
https://www.youtube.com/live/BQCsVLcfNTg?si=zcQkl4tmiHvoK3nv