Ағайынды Сабырхандарға құрмет көрсетілді
2025 ж. 17 қыркүйек
80
0

Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында ел намысын қорғаған ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхан Шымкентке оралды. Әуежайда чемпиондарды жанкүйерлері, жақындары мен спортсүйер қауым ыстық ықыласпен қарсы алды.
Оларды қарсы алғандардың қатарында «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты, Шымкент қалалық бокс федерациясының президенті Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев та болды. Ол чемпиондардың жеңісі – бүкіл ел үшін үлкен абырой екенін атап өтті.
Чемпионаттағы жетістіктер:
• Махмұд Сабырхан – 55 келі салмақта финалды 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
• Төрехан Сабырхан – 70 келі салмақта жапон қарсыласын 3:2 есебімен ұтып, Қазақстан тарихындағы ең жас әлем чемпионы ретінде жаңа рекорд орнатты.