ТҰҢҒЫШ РЕТ БІР ӘУЛЕТТІҢ ҮШ ҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
2025 ж. 16 қыркүйек
54
0

Қазақ спорты үшін тарихи оқиға! Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өтіп жатқан Әлем чемпионатында "Шардара Армспорт" құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан Әлем чемпионы атанды.
Бұл – Шардара ауданы ғана емес, тұтас еліміз үшін зор мақтаныш!
Чемпиондарымыз:
- Ибрагим Бекнұр – 14 жаста, жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы
- Ибрагим Азамат – 15 жаста, жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта Әлем чемпионы
- Ибрагим Әділет – 18 жаста, жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта Әлем чемпионы
Осылайша, ел тарихында тұңғыш рет бір әулеттің үш баласы халықаралық деңгейдегі бір жарыста қатарынан чемпион атанып отыр. Бұл жетістік – отбасы тәрбиесінің, қажырлы еңбектің және «Шардара Армспорт» мектебінің жүйелі жұмысының нақты жемісі.
Редакция атынан жеңімпаздарды және олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтай отырып, болашақта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!