Қазыбек Иса: Темір тұлпарды Темірланға беру керек еді Смағұлов!

Қазыбек Иса: Темір тұлпарды Темірланға беру керек еді Смағұлов!

«Қайраттың» тарихи жеңісінен және Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуынан кейін Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов командамен кездесіп, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен қақпашы Темірлан Анарбековті құттықтады.

Ерен еңбегін мойындау белгісі ретінде Смағұлов бапкерге Hyundai Palisade көлігінің кілтін табыстады.

Ал пенальти сериясының батыры атанған қақпашы Темірлан Анарбековке Apple Macbook сыйлады.

Осыған байланысты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек Иса әлеуметтік желіде былай деп жазды:

- Темір тұлпарды Темірланға беру керек қой! Осы уақытқа дейін оны негізгі қақпашы етпей келген, бірінші қақпашы жарақаттанып қалғасын ғана амалсыз ойынға қосқан бас бапкер Уразбахтинге емес?

Еске сала кетейік, 2025 жылы 26 тамыздағы Алматыдағы чемпиондар лигасына іріктеу ойынында “Қайрат” - Сэлтик футбол командаларының жекпе-жегінде қақпашымыз Темірлан Анарбек пенальтиде үш допты кері қайтарды! 

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігінде Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның "ТЕМІРЛАННЫҢ ТЕМІР ҚАҚПАСЫ" атты жазбасы жарияланған болатын.