Елімізде 1,5 миллионнан астам жасөспірім спортпен тұрақты айналысады - министр

Елімізде 1,5
миллионнан астам жасөспірім спортпен тұрақты айналысады - министр

Елімізде спортпен жүйе­лі түрде шұғылданатын бала­лардың үлесі 30,4%-ға жетті, яғни 1,5 миллионнан астам.

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол МЫРЗАБОСЫНОВ "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында айтты.

- Қазір­де елімізде 912 балалар-жасөс­пірім­дер клубы, 521 маман­дан­дырылған спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 700 мыңнан астам жасөспірім спортпен айналысады.

Дарынды балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Олимпиадалық резервтегі спорт-интернаттарда 6 мыңнан астам бала оқиды. Олар болашақта ұлттық құраманың негізгі сапын толықтыруы мүмкін. Бұл – тек талантты қолдау ғана емес, жүйелі чемпиондарды даярлау жұмысы.

Мемлекет спортқа қолжетім­ділікті арттыруға да баса назар аударады. Мем­­лекеттік тапсырыс аясында 240 мыңнан астам бала ел бойынша 7 мың спорт секция­­сына тегін қатысады. Бұл – тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік жағ­­дайына қарамастан, әр балаға спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, спортпен жүйе­лі түрде шұғылданатын бала­лардың үлесі 30,4%-ға жетті, яғни 1,5 миллионнан астам бала. Бұл көрсеткіш жастардың ден­сау­лығына оң әсер етіп қана қоймай, олардың бойында тәртіп, жауапкершілік және командалық рухты қалыптастырады, -деді министр.