ҚазҰУ студенті тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды
2025 ж. 15 тамыз
286
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унвиерситетінің Журналистика факультетінің 2 курс студенті Ернұр Мұратқалиев Монғолияның Баян-Өлгей аймағының орталығында өткен тоғызқұмалақ ұлттық ойыны жарысында топ жарды.
Қозғалыс және көру қабілеті бұзылған мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен жарыста жас спортшы тоғызқұмалақтың «рапид» санатында Әлем чемпионы атанып, «классика» санатында үшінші орын алды.