Лиссабон футбол ассоциациясы "Арландар" клубын марапаттады
2025 ж. 07 шілде
209
0

"Арландар" футбол клубының Португалия футболымен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанына биыл он жыл.
Клубтың сол еңбегін ескерген Лиссабон футбол ассоциациясы клубты 100 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.
Қазіргі таңда 4 шәкіртіміз Португалияның түрлі деңгейдегі академияларында білім алып жатыр.
Португалиядағы Брагалона футбол клубының құрылтайшысы. Португалияның 2 футбол академиясымен әріптестік келісім шартына қол жеткізді.
Балалар турнирі арасындағы әлемдегі №1 турнир — IberCup турниріне әлемнің 100ден астам мемлекеті қатысады. Сол турнирге Қазақстан атынан тұңғыш рет Арландар футбол клубы қатысты. Яғни ережесіне сәйкес турнирдің іріктеу кезеңі: IberCup-Estoril турнирінен бастады. Іріктеу кезеңінің өзіне 50ге жуық елден 500ге жуық команда қатысты. Сол 500 команданың ішінде Арландар клубына ғана уақыт тауып футбол ассоциациясы қабылдау өткізіп, мұражайын аралатып құрмет көрсетті.
Қазақ үні