Бұқаралық спорт және жас ерекшеліктері
2025 ж. 20 мамыр
56
0

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы — бұл 8 миллионнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.
2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу міндеті қойылған.
2024 жылдың қортынды мәліметі бойынша спортпен айналысатындардың жалпы саны — 8 406 213 адам. Оның ішінде жас ерекшелігіне қарай:
* 3–5 жас: 141 872 адам — ауылдық жерлерде: 26 046
* 6–13 жас: 2 575 711 адам — ауылдық жерлерде: 1 002 016
* 14–18 жас: 2 009 876 адам — ауылдық жерлерде: 748 253
* 19–35 жас: 2 329 977 адам — ауылдық жерлерде: 828 564
* 36–65 жас: 1 242 922 адам — ауылдық жерлерде: 485 969
* 65 жастан жоғары: 106 694 адам — ауылдық жерлерде: 20 434
Спортпен белсенді айналысатындардың үлесі бойынша көшбасшылар (пайыздық көрсеткішпен):
* Алматы қаласы — 11,37%
* Түркістан облысы — 10,53%
* Астана қаласы — 7,15%
* Алматы облысы — 7,64%
* Шымкент қаласы — 6,48%.