ҚОЛКҮРЕСШІЛЕРІМІЗ ӘЛЕМДІ ТАҒЫ ДА МОЙЫНДАТТЫ

ҚОЛКҮРЕСШІЛЕРІМІЗ ӘЛЕМДІ ТАҒЫ ДА МОЙЫНДАТТЫ

20 СПОРТШЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ 

2024 жыл тамыз айының 15-24 күндері аралығында Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен армрестлингтен 45-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 

61 мемлекеттен 1500-ден аса спортшылар қатысқан Әлемдік додада жерлестеріміз жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ересектер арасында 20 алтын алқаны қанжығаларына байлап, дүниежізінің алдында Әнұранымызды 20 рет шырқатты. 

Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ:

Жас-жеткіншектер арасында Әлем чемпиондары:

1. Алдан Нұрсұлтан

2. Қали Текжігіт

3. Анвар Эльдар

4. Серік Ерсұлтан

5. Закирова Назым

Жасөспірімдер арасында Әлем чемпиондары:

1. Есен Мейрамбек

2. Маманияз Жасурбек

3. Мелдебек Болат

4. Ибрагим Әділет

5. Оралбай Ұлжан

6. Абдулла Аружан

7. Оразхан Ырысты

Жастар арасында Әлем чемпиондары:

1. Мухамбетов Ердаулет

2. Қали Қасымжомарт

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Әлем чемпионы:

1. Құралбаев Ұлықбек

Ересектер арасында Әлем чемпиондары:

1. Нұрмахан Ердәулет

2. Зәрубек Санжар

3. Ерсайын Мейрамбек

4. Айдархан Нұрдаулет

5. Құттымұратов Медет

Бұдан бөлек жерлестеріміз

16 күміс және 4 қола медальға қол жеткізіп, Әлемдегі теңдессіз клуб екенін тағы да дәлелдеді. 

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 52 алтын медальмен 1-орынға жайғасты. 

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы (ересектер арасында) жеңіп алған 8 алтынның 6 алтын медальін «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қанжығасына байлап, ерлер арасында жалпы есепте 1-орынды алуына орасан үлес қосты.

Қолкүрес арландарын Мәжіліс депутаты, белгілі ақын Қазыбек Иса да әлеуметтік желіде құттықтады.

- Құтты болсын, қол күрес балуандары!

Әлемді бағындырған Арманның арландары!

Шардара - қол күрестің ордасы ғой,

Жалғасуда жаһанның таңғалғаны!

Жасай берсін қол күрес балуандары! - деп жазды депутат.

Біз де әлемде Қазақ Елінің көк туын көкке көтеріп жүрген Шардаралық сайыпқырандарға “Жеңісті жолдарың жалғаса берсін” деп, Ақ жол тілейміз!

“Қазақ үні” газеті