ПАРА ОҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА АСТАНА ҚҰРАМАСЫ 8 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕНДІ

ПАРА ОҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА АСТАНА ҚҰРАМАСЫ 8 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕНДІ

25 - 31 мамыр аралығында Алматы қаласында пара оқ атудан ҚР чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 13 өңірден 60 - қа жуық спортшы қатысты.

Елорда құрамасы 5 “алтын”, 2 “күміс”, 1 “ қола” медаль еншіленіп, жалпы командалық 1 орынды иеленді.

Пара оқ атудан жаттықтырушы Бурчалин Михаил жарыс туралы:

“Астана құрама командасындағы 5 спортшы 9 стартқа қатысты. Біз жоғары нәтиже көрсетіп, медальдік есепте бірінші орынды иелендік(Олимпиадалық есептеу жүйесі бойынша).

• Алиева Севда халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындады.

• Федюкин Виктор спорт шебері нормативін орындады.

• Оторбаев Ардак аталмыш жарысқа екі ай көлемінде дайындалғанына қарамастан, спорт шеберінің нормативін орындады.

• Төлегенова Айгерім спорт шебері нормативін орындады.

Төлегенова Айгерім және Оторбаев Ардак пара оқ атумен аз уақыт айналысқанына қарамастан, керемет нәтиже көрсетуге кедергі болмады” - деді.