ЖЕТІСУ – ЖЕҢІМПАЗ ЖАСТАР МЕКЕНІ
2024 ж. 26 наурыз
3221
0
Бұқаралық спортты дамыту негізінде әлемдік чемпиондар даярлаудан бұрын денсаулығы мықты, әрі саналы ұлт қалыптастыру мақсаты жататыны түсінікті. Мұны кезінде мемлекет басшысы да баса айтқан еді.
Бізді осынау маңызды шаруаның басы-қасында жүрген жетекшілер арасында нақты атқарылған істі мейлінше пысықтап, қағазға түсіре жүретін азаматтардың кездесетіні қуантады. Оқырман назарына солардың бірі – спорт қайраткері, Жетісу облыстық Таеквондо Федерациясының президенті, аймақтық Мәслихат депутаты Қайыр Қабланбайұлының күнделік сипатындағы жазбасы ұсынылып отыр.
Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар
Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж оқу орындарының 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өтетін «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Кубогы» сайысына қатысушы спортшылардың оқу жаттығуларына қатысып, спортшылардың дайындық сапасын көріп, спортшыларға сәттілік тілеп қайттым.
***
Биылғы көктем басындағы жаңалықтың бірі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кубогы үшін Жетісу төрінде ұйымдастырылылып жатқан спорт ойындары.
Тәуелсіз еліміздің түпкір-түпкірінен өз өңірінің намысын арқалап Ту ұстар жастарымыз айтулы додада бақ сынасуға Талдықорған қаласының Жастар спорт кешенінде бас қосты.
Бірінің бағы жанса, бірі бабында екеніндігін дәлелдеуде.
Осы орайда Жетісу өлкесінің намысын ту еткен Жетісу облыстық Таеквондо федерациясының түлектері жарады. Аянбай тер төгіп, соңына дейін бар күш- жігерін салған спортшыларымыз – финалда.
Топтық кезеңде Лепсі, Солтүстік Қазақстан облысы және Қарағанды облысының спортшыларарынан басым түсіп, финалалды бәсекеде Тараз қаласының спортшыларын айқын басымдылықпен жеңді.
Ендігі бас жүлдеге деген соңғы қадамда Астана қаласының спортшыларымен үлкен аренада бақ сынасады.
Қысқа мерзім ішінде өздерін таныта білген федерация спортшылары айтулы шараның бас жүлдесін Астана қаласының спортшыларымен сарапқа салмақшы. Рухты жастарымызға сәттілік тілейміз.
Спорт – бейбітшілік пен адалдықтың мекені, қоғамның ажырамас бөлігі.
Бағындырар белес көп
Күні кеше ғана Жетісу өңірін дүрілдеткен айтулы жарыс өз мәресіне жетті. Талдықорған қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кубогы үшін турнирінде бірнеше спорт түрінен, атап айтсақ, бокс, таеквондо, еркін күрес, грек-рим және дзюдодан жарыс өтті.
Жалпы, еліміздің әр түпкірінен бағын сынауға спорт интернаттары мен колледждерінен 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында 400-ге жуық спортшыларымыз бақ сынасты.
Қысқа мерзім ішінде Жетісу облысының таеквондо федерациясы құрамындағы жастар өздерін үлкен аренада таныстырып қана қоймай, айтарлықтай із қалдырды. Олай деуіміздің себебі – олар турнир қортындысы бойынша жүлделі II-орынды қанжығаларына байлады.
Бұл біз үшін зор жетістік. Алдымызда әлі де үлкен белестер мен бағындырар шыңдар бар, ал ол белестердің шыңына шығар күн алыс еместігіне мен нық сенімдімін.
***
Таеквондодан (WT) жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республиканың чемпионаты. Алматы қаласы. Таеквондодан (WT) жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Жетісу облысының таеквондошылары Ементаев Арслан 63 салмақта 1-ші орын. Амангелді Нұрай 59 келі салмақта 1-ші орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Құттықтаймын. Биік белестерді бағындыра берсін. Жеңісті күндеріміз көп болғай. Спортшыларға сәттілік тілеймін. Қазақ туын әлемдік аренада желбіретсін.
Төрешілер кеңесі
Облыс орталығы Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде Жетісу облыстық таеквондо WT федерациясының төрешілер кеңесін ұйымдастырдық.
Аталмыш шараға барлық облыс өңірлерінің жаттықтырушылары мен спорт өкілдері қатысты. Жиын барысында облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылатын шараларға федерация өкілдерінің қатыстырылуы, шараны жүргізуі талқыланды.
Сонымен қатар Халықаралық дәрежедегі төреші, Таеквондодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғани Ибраимов спортшыларға теориялық және практикалық жатығулар өткізіп, соңында шараға қатысушылармен ой бөлісті.
Аталмыш шараны қорытындылай келе келер жылы облыстық, Республикалық және Халықаралық деңгейде жарыстар өткізу жоспары бекітілді.
***
Жетісу облысы тың идеялы, ұшқыр ойлы, жүректі де білекті, білімді де білікті жастардың мекені. Бүгінде өңіріміздің намысын арқалап, 1-5 желтоқсан аралығында, Астана қаласында өтетін Таеквондодан (WT) Қазақстан Республикасының VI-шы спартакиадасында бағын сынауға бел буған спортшыларымыз Алматы қаласында жарыс алды жаттығуларын жасауда.
Бүгінгі күні, таеквондо федерациясының өкілдері және бір топ жанашыр азаматтар болып, жас спортшыларымызға сәттілік тілеп, ойымыз бен тәжірибемізді бөлісіп қайттық.
Жалпы жастарымыз алдағы додалы сынға сақадай сай, жүлделі орындарға ие болады деген сенімдеміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын.
***
Елордамыз Астана қаласында Қазақстан Республикасының VI- спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Еліміздің әр түпкірінен бағын сынауға келген спортшыларымыз өз шеберліктерін шыңдай түсе үлкен тәжірибе алды деуге болады.
Бұл айтулы үлкен жарыс аренасында біздің Жетісулық спортшыларымызда бақ сынасты.
Осындай жастарымызды жігерлендірер шараларымыз әліде жалғасын табатын болады. Жеңіс тұғырына көтерілген барша спортшыларды құттықтаймын.
***
Биылғы қортынды іс-сапарымыз Алакөл ауданына түсті. Алакөл ауданында құрылған таеквондо үйірмесінің жәй-күйімен танысып, үлкен спортқа бет алған спортшыларымызға алғашқы сары белбеулерін табыстадық.
Жастардың жаттығуына қолайлы жағдай жасалған, қажетті жабдықтар толығымен дерлік қамтамасыз етілген.
Айтулы шарамызға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Ғ.Ибраимов, облыстық мәслихат депутаты, спорт жанашыры А.Садиев пен бірқатар азаматтар жиналды.
Шара барысында Алакөл ауданы бойынша жаттықтырушы Айдос Ыбраевтың қарамағындағы спортшылардың оқу-жаттығуларын бақылап, шара соңында арнайы анықтамалар мен белбеулерін табыстадық.
Жалпы спортшыларымыздың қарқыны жаман емес, күннен-күнге дамып келе жатқаны сөзсіз.
Болашақта үлкен аренада топ жаратын спортшылар шығарына сенімім мол. Жетісу жастары жарады.
***
Еліміздің батыс өңірінде Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Өз өңірінің намысын жалау еткен спортшыларымыз Ақтөбе қаласында бақ сынасты.
Пара таеквондодан облысымыздың жаттықтырушысы Виталий Шагайдың шәкірттері де айтулы жарыста бағын сынап, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, Мамыров Жәнібек ІІ-ші орын иеленіп, күміске қол жеткізді, артынша ізін жалғап Салтанат Сейдірасылова мен Жанерке Саяхат та күміс медаль иегерлері атанды.
Болашақта үлкен жарыстарды топ жаруларына тілектеспін.
***
Жетісу төрінде «Өркен» спорт кешенінде таеквондодан үлкен жарысымыз бастау алмақ, ал бүгін тұңғыш рет облыс орталығында Пумседен семинар ұйымдастырылды.
Шараға Жетісу облысының бапкерлері мен спортшылары қатысты.
Шарамыздың басты қонағы – әлем кубогының екі алтын жүлдегері, Қытай халық Республикасы Бейжің қаласының екі жылдан астам уақыт оқытушысы, Оңтүстік Кореяда екі жыл дәріс берген, әлемнің практика кубогының екі алтын жүлдесінің иесі, Пумсе бойынша Қазақстанның алтын және күміс иегері, Оңтүстік Корея ассоциациясының 3-ші дан инструкторы Михаил Цой семинар жүргізді. Сабақ барысында спортшыларға оқу-жаттығулар өткізіліп, тактикалық дәрістер көрсетілді.
Облысымызға бабы мен бағын сынауға келген барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Алар асуларымыз бен бағындырар белестеріміз көп болғай!
***
Жетісудағы жетістік жолы: облыстық чемпионат!
Биылғы ақпанда облысымыздың орталығында Жетісу облысының спорт басқармасымен Жетісу облысының таеквондо WT федерациясының ұйымдастыруымен Өркен спорт кешенінде Таеквондодан WT Жетісу облысының чемпионаты өтті.
Алакөл, Ақсу, Қаратал, Көксу аудандарымен бірге Талдықорған қаласы бойынша жалпы 115 спортшы бақ сынасып, Қазақстан біріншілігіне іріктелді.
Аталмыш жарысымыз негізгі үш топқа бөлінді:
1) 2010-2012 жж арасындағы жасөспірімдер.
2) 2007-2009 жж жастар
3) Ересектер арасында өткізілді.
Шарамыздың шымылдығын Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Қожағұлқызы ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты спорт жанашыры Қайрат Нұрғабылұлы, облыстық «Аманат» партиясының төрағасы Жетісу облысы маслихатының депутаты Арыстанғали Қадырұлы жарысқа қатысушыларға өз тілектерін білдірді.
Жарыс қортындысы бойынша жүлделі І-ші орынға ие болған спортшыларымыз, облысымыздың намысын Қазақстан Республикасының чемпионатында қорғайтын болады.
Қайыр Қабланбайұлы,
Жетісу облыстық Таеквондо Федерациясының президенті