Қазақ азаматы «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы болды

Қазақ азаматы «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы болды

Қазақстан футболын дамыту үшін 32 жылда не жасалмады? Барлық талпыныстар жасалды. Алайда мардымды нәтиже шықпаған еді. Себебі футболды дамыту үшін футболы дамыған елдерге барып, барлығын үйрену керек. Білімін, тәжірибесін алу керек. Алайда тек осы жұмыстар ғана атқарылмаған еді. Қайдағы Бразилияға бюджеттің қаншама қыруар қаржысы жұмсалды. Сондықтан футболды ғылым арқылы дамытып отырған Еуропадан үйрену керек. Біз қанша жерден Бенфика, Спортинг, Аякс секілді футбол академияларын Қазақстанда салсақ, ол жай ғимарат болып қалады. Және қалды да, Қайрат футбол академиясы секілді. Әлемдік топ академиялар секілді салынғанмен, осы күнге дейін Қайрат академиясы бір де бір әлемдік футбол жұлдызын дайындай алмауы осыған себеп. Мысалыға, Гарвард, Кембридж, Оксфорд секілді университеттер салғанымызбен, ондай бола алмайтыны секілді...

Осындай өлшеммен қарағанда алғанда, Португалиядан бір қазақ баласының футбол клубтың құрылтайшысы болуы үлкен жетістік. Яғни жақында Арландар футбол клубының құрылтайшысы Фазылбек Әбсаттарұлы, Португалиядағы Брагалона футбол клубының құрылтайшысы болыпты. 


Бұдан кейін енді Қазақстан балаларына Еуропа футбол ашылады деген сөз. Себебі осы күнге дейін Қазақстанның жас футболшылары Еуропа футбол федерацияларынан лицензия ала алмай, есіктері ашылмай жүрген еді. Бұдай кейін Брагалона футбол клубы арқылы лицензия алып, өзге еуропа футбол клубтарына трансфер жасауына жеңілдік болады. Енді осындай мүмкіндікті пайдаланып Қазақстан балалары Португалияның футбол академиялары мен клубтарына барулары керек деп ойлаймын.

М. Құрманбаев, 

Қазақ үні