Қазақстан құрамасы топ жарды

Қазақстан құрамасы топ жарды

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шықты, - деп хабарлайды qazaquni.kz «Қазақпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионатына әуесқой спортшылар қатыса алады.

Жартылай финалда қазақстандық спортшылар Әзербайжанмен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында әзербайжандық футболшылар қатарынан 19-минутта Эшгин Тагиев есеп ашты. Одан кейін қазақстандықтар қатарынан үш гол соғып кетті. Бұл голдар Нұрсұлтан Жүсіпов (30-минут), Жәнібек Сейітжан (41), Оралбек Егізбаев (45) еншісіне жазылды.

Ел құрамасы А тобында сынға түсті. Бұл кезеңде Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 есебімен жеңді.

Одан кейін жарыс сатысында Мексика, Чехияны​ қапы қалдырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш мәрте финалға жолдама алды. Алдағы қарсыласы - Румыния.

Айта кетсек, бұған дейін ел құрамасы 2015, 2017 жылдарда 11-орын алған еді.