ҚАЗАҚ БАТЫРЫНА ШАҚ КЕЛЕР ЕШКІМ БОЛМАДЫ!

ҚАЗАҚ БАТЫРЫНА ШАҚ КЕЛЕР ЕШКІМ БОЛМАДЫ!

Қазақ батыры, қасиетті Түркістан өлкесі, киелі Шардараның баһадүрі , бірнеше мәрте әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбай бауырымыз әйгілі Әлем чемпионы Майкл Тодтты жеңді!!!

Майкл қазақ батырының мықтылығын мойындады!

Қыдырғали әлем чемпионы, бапкер Арман Қарсыбаев қалаған, 87 әлем чемпионын шығарған Шардара Армрестлинг клубының мүшесі. 

Былтыр, 2022 жылы 11 қазанда Шардарада өткен “Қазақтың Қазыбегі” атты шығармашылық кешімнен кейін бізді құрметтеп, Қолкүрес батырларының ордасы кездесуге шақырған еді. Сол кезде “Шардара Армклубын” аралап, осы Қыдырғали бастаған батырларға батамызды беріп кеткен болатынбыз. “Баталы ұл арымас” дегендей, артынша Түркияда өткен әлем чемпионатында шардаралықтардан тағы 28 әлем чемпионы шықты!

Қазақ батырларына Алла жар болсын! 

Ақ жол!

Қазыбек ИСА, 

Қазақ үні