Қанат Ислам 12-ші жеңісіне жетті... 12 сайыста

27-Сәуір, 2013

Қазақ боксшысы Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі он екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл сүйінші хабарды www.alaman.kz спорт порталы хабарлады.

Эквадордың Кито қаласында өткен кеште Қанат ринг иесі Эдуард Фролесті жеңді. Негізі, біздің боксшы колумбиялық Эмелио Хулио Хулиомен кездеседі деп жоспарлаған. Бірақ Колумбия боксшысы белгісіз себептермен кездесуден бас тартқан. Қанат Ислам сәуірдің 19-ы күні Доминикан республикасының боксшысы Жозе Видал Сотоны ұтқан болатын. Мұхиттың ар жағындағы мұзбалақ бауырымызға мұқым жеңіс тілейміз. www.qazaquni.kz