Астанада өткен Хабиб Нурмагомедов турнирінде жанкүйерлер қақтығысып қалды

Астанада өткен Хабиб Нурмагомедов турнирінде жанкүйерлер қақтығысып қалды

Елордада аралас жекпе-жектен өткен турнир барысында жанкүйерлер өзара қақтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтанда Хабиб Нурмагомедов лигасының турнирінде полицейлер жанкүйерлер арасындағы қақтығысты дер кезінде шешті. Оқиға қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, аталған жекпе-жек турнирінде жерлесіміз Кирилл Геккель төрешілердің шешімімен ресейлік Израиль Гаджиагаевқа есе жіберген еді.

Сондай-ақ, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Әділов ресейлік Чармигула Сиражудиновтен басым түсіп, жеңіске жетті .

Қазақстандық жекпе-жек шеберлерінің жеңісі жалғасын тауып Әли Қабдолла аталған турнирде тұншықтыру әдісі арқылы ресейлік Валерий Грицутиннен басым түсті.