Барлық сұраққа қазақша жауап берген қазақ балуандары ел талқысына түсті

Барлық сұраққа қазақша жауап берген қазақ балуандары ел талқысына түсті

Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия біріншілігінде жүлде алған балуандарымыз жарыс аяқталған соң журналистердің сұрағына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.

Спортшылардың орысша сұраққа қазақша жауап беріп жатқаны желіде қызу талқыланып жатыр.

«Қазақ тілінде ғана жауап береді… Дзюдошылар осылай мемлекеттік тіл үшін күресіп жүр. Тыныш қана. Әлемдік аламандарда топ жарады. Сұхбаттарын қазақша береді. Амал жоқ, басқалары аударып алуға мәжбүр» деп жазды Хабар» арнасының тілшісі Аслан Қаженов Facebooк әлеуметтік желісінде.

Орысша сұраққа қазақша жауап берген – әйелдер арасында 48 кг салмақта сынға түсіп, күміс медаль алған Абиба Әбужақынова және ерлер белдесуінде 60 кг салмақта қола жүлде иегері атанған Мағжан Шамшадин.

https://youtube.com/shorts/NRdN-CJI4Js?feature=share