Қазақстан Президенті Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Қазақ үні.

«Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ең беделді Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жетті. Спортшымызды шын жүректен құттықтаймын!» - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Уимблдон» финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен ойнап, жеңіске жеткенін хабарлағанбыз. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық теннисші мұндай белесті бағындырып көрмеген.