ШАРДАРАДАН 2021 ЖЫЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШЫҚТЫ

ШАРДАРАДАН 2021 ЖЫЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШЫҚТЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, «Тәуелсіздікке тарту-30 Әлем чемпионы» марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбай құттықтау сөз сөйледі. 

"Міне тұғырлы мерекеміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында, жерлестеріміз Әлем чемпионатынан 30 алтын алқа алып отыр. Бұл айтулы мейрамға өте құнды да, бағалы тарту болды. Спортпен шұғылданып, өз денсаулығымызды күтуіміз әрбіріміз үшін өте маңызды болса, ал осы спорт арқылы өз елінің абыройын асқақтатып, Әнұранын шырқатса бұл спортшының ғана емес бүкіл елдің беделі. Жақында ғана Румыния мемлекетінің Бухарест қаласында өткен армрестлингтен Әлем чемпионатында "Шардара Армспорт клубының" құрамасы дүниежүзінің алдында 25 рет Әнұранымызды шырқатса, гір спортынан Венгрия елінің Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында жерлестеріміз 5 рет көк Туымыз көкке көтерген болатын. 

Спортшыларымызға әрқашан жеңіс пен абырой тілей отырып, отбасыларына амандық, толағай табыстар тілеймін"- деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, аудан әкімі чемпиондарға салтанатты түрде Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Аудан әкімінің марапатына 30 спортшы ие болды. 

  Румыния мемлекетінің Бухарест қаласында өткен қолкүрестен (армрестлинг)

  25 Әлем чемпионы: 

1.Базарбай Асылжан Шамшидинұлы

2.Ибрахим Әділет Айтжанұлы

3. Сәрсенбай Жармахан Жеңісбекұлы

4.Райм Бекарыс Теңелбекұлы

5. Мансұр Мұқағали Қанатұлы

6.Серікхан Саят Ержанұлы

7.Басымбек Нұрболат Сапаралыұлы

8.Полат Ермахан Жарылқасынұлы

9.Роман Данияр Арманұлы

10.Абдулла Аружан Маратбекқызы

11.Оразхан Ырысты Бауыржанқызы

12.Тұрғанбек Тұрарбек Есембекұлы

13.Ахметов Қуандық Ермаханұлы

14.Самат Мұқасан Тағабайұлы

15.Мұхамбетов Ердәулет Нұрсейітұлы

16.Ақтай Бекқуат Қожагелдіұлы

17.Саттар Шерхан Абдуалиұлы

18.Зиядулла Назира Ерғалиқызы

19.Тазабек Зейнеп Исламбекқызы

20.Қаржау Есболат Сапарбекұлы

21.Ерсайын Мейрамбек Ерғазыұлы

22.Нұрмахан Ердәулет Нұрмаханұлы

23.Сарыбай Ердәулет Асанұлы

24.Бекжігіт Асылжан Бақытбекұлы

25.Абрахман Бекбол Ержанұлы 

Венгрия елінің Будапешт қаласында өткен Гір спортынан

5 Әлем чемпионы: 

26.Ергеш Нұрболат Серікұлы

27.Бейсенбай Ерсұлтан Бейсенбайұлы

28.Тұрғанбай Нұрбатыр Серікбайұлы

29.Қуаныш Ерасыл Жаңабайұлы

30.Махамбет Мейіржан Бақытұлы 

Марапаттаудан соң Шардаралық композитор Әділғазы Ибаргимов «Шардара Армспорт» клубына арнайы тарту ретінде шығарған «Қол күрес» әнін орындады.

Шара соңында қол күрестен 2 дүркін әлем чемпионы Мағжан Шамиев құттықтау сөз сөйлеп, бүкіл спортшылардың атынан аудан халқының қолдауына алғыс білдіріп, жеңісті күндердің көп болуын тіледі.

Бүгінде 86 әлем чемпионы бар Шардарадағы “Армспорт” клубының негізін қалап, әлемнің ең алдыңғы қолкүрес ордасын құрған - әлемнің екі дүркін чемпионы - Арман Қарсыбаев.

Шардара даңқы шартарапқа жайыла берсін!