Француз мәнерлеп сырғанаушысы Димаштың қазақ тіліндегі әніне биледі
2021 ж. 23 тамыз
7155
0
Француз спортшысы Ян Воклен Жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан әлемдік гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің әні ырғағымен өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәнерлеп сырғанаушының өнер көрсеткен сәті таспаланған видеоны Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жариялады.
«Францияның Куршавелу. Жасөспірімдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан гран-при кезеңі. Француздық мәнерлеп сырғанаушы Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Qairan elim» әні ырғағымен өнер көрсетіп жатыр», - деп жазды Қанат Айтбаев Instagram парақшасында.
Айта кетейік, еркін бағдарлама қорытындысында 17 жастағы Ян Воклен 4-орын алды.
Мәнерлеп сырғанаудан гран-при топтамасы – бұл Халықаралық конкимен жүгірушілер одағының рейтингі бойынша ғаламшардың ең үздік мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жыл сайтын өететін коммерциялық турнирлердің жиынтығы