Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
2021 ж. 28 шілде
2597
1

Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын. Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.
Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.
Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.