Василий Левит қарсыласына нокаутпен жеңілді

Василий Левит қарсыласына нокаутпен жеңілді

Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатқан боксшы Василй Левит алғашқы кездесуінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы 91 келіде испаниялық Эммануэль Рейес Пламен жекпе-жекке шықты.

Тартысты бәсеке екінші раундта қазақстандық боксшының нокаутымен аяқталды.

Осылайша ол жарыс жолынан шығып қалды.

Ширек финалда испаниялық боксшы кубалық Хулио ла Круспен қолғап түйістіреді. Ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында чемпион атағын жеңіп алған.

Олимпиадаға еліміздің атынан 9 боксшы барды. Оның 8-і ерлер, 1-і қыздар арасында сынға түседі.

Қазірге дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) және Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал бүгін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қарсыласына есе жіберіп қойды.