Дубайда өткен Азия чемпионатында Василий Левит күміс медальді тағудан бас тартты
2021 ж. 01 маусым
8313
0
2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит бокстан Дубайда (БАӘ) өткен Азия чемпионатында жеңіп алған күміс медалін таққан жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Турнирдің финалында 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төрешілік соңы дауға айналды.
“Алтын” үндістандық боксшы Санжитке берілді. Ол қазақстандықтан спортшыдан мықты болмағаны анық. Марапаттау кезінде Левит медаль тағудан бас тартып жекпе-жек нәтижелерімен келіспейтіндігін білдірді.
Левит – Азияның үш дүркін чемпионы болған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол 2009, 2015 және 2017 жылдардағы құрлық біріншіліктерінде алтын иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл ерлер арасында Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір алтын алмаған. Левиттен басқа Даниял Сәбит (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг) және Қамшыбек Күнқабаев (+91 кг) күміс алды. “Қола” Сәкен Бибосыновке бұйырды.