Қазақстанның әйгілі спортшылары Ислам Әбішевті бостуды сұрады

Қазақстанның әйгілі спортшылары Ислам Әбішевті бостуды сұрады

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АЛҚАСЫНА

ӨТІНІШ

Біз төмендегі қол қойған Қазақстан спортшылары, Қазақ күресінің Дүние жүзінде қанат жайып дамуына үлкен үлес қосқан ағамыз Әбішев Ислам Әлмаханұлының бостандыққа шығаруларынызды өтінеміз.

Түкеев Серік Адамұлын мерзімнен бұрын бостандыққа шығарғандарынызға шексіз ризамыз. Ислам Әлмаханұлы да 60 айлық жазасының (5 жыл) 40 айын өтепті, жасы 65 тен асты. Қос арыстан бостандықта жас спортшыларға, бапкерлерге өздерінің ақыл кенестерін беріп отырған болар еді. Өтінішімізді жерге қалдырмайсыздар деген ойдамыз.

Қазақстан спортшыларының атынан:

1) Мырзағали Айтжанов - бокстан 2013-2014 жылдараының қорытындысы бойынша дүние жүзінің екі мәрте ең үздік бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы

2) Марат Жақиев - бокстан әлем чемпиондары Ердос Жаңабергенов пен Бекзат Нұрдаулетовтың, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы

3) Нұрлан Ақүрпеков - бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев пен әлем чемпионатының жүлдегері Әбілхан Аманқұл мен Ғани Жайлауовтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы

4) Ғалымбек Кенжебаев - бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Азия чемпионатының жүлдегері Елдос Сайдалиннің бапкері ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы

5) Таңат Сағындыков - грек-рим күресінен әлем чемпионы Бақтияр Байсеитов пен ССРО халықтары спартакиядасының жеңімпазы Есенкелді Батырғариннің бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы

6) Мұхтархан Ділдәбеков - бокстан Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері

7) Мәулен Мамыров - еркін күрестен 1996 жылғы атланта Олимпиадасы мен әлем чемпионатының қола жүлдегері

8) Нұрбақыт Теңізбаев - грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері

9) Біржан Жақыпов - бокстан дүние жүзінің чемпионы

10) Қайрат Ералиев - бокстан дүние жүзінің чемпионы

11) Құдайберген Ағымов - грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың бапкері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы