Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды
2021 ж. 13 сәуір
4220
0
Күрес түрлерінен Алматыда Олимпиадалық іріктеу жарысы аяқталғаннан кейін, Азия біріккен күрес әлемінің сайлау конгресі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиында құрлық федерациясының төрт жылда атқарылған есебі тыңдалды. Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович Токио ойындарына тиесілі жолдаманың 75 проценті өз иесін тапқанын атап өтті. Әрі Қазақстанның әлем чемпионаты мен құрлықтық іріктеу жарысын жоғары деңгейде ұйымдастырғанына алғыс білдірді.
Жиында Азия біріккен күрес әлемінің президенті мен атқару мүшелері сайланды. Жеті елдің мамандары бірауыздан Дәулет Тұрлыхановқа дауыс берді. Еліміздің даңқты балуаны төрт жылдан бері Азия біріккен күрес әлемін басқарып келді.