ҚР Президенті Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады
2020 ж. 19 желтоқсан
1899
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Қазақ үні".
«Геннадий Головкинді @GGGBoxing сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады», - деді Президент twitter-де.
Еске сала кетейік, бүгін IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.