Қазақстандық ауыр атлет әлем кубогінің жеңімпазы атанды

0
389

Рахат Бекболат Перудің Лима қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ол кезекті жарыс күнінде 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Нәтижесінде қоссайыс бойынша (140+179) келіні бағындырды. Айта кетерлігі, аталған жарысты Перудің ауыр атлетика федерациясы ұйымдастырып жатыр.

Қазақстандық спортшылар қоржынында бір алтын, бір қола жүлде бар. Абылай Әуелханов алғашқы алтынды алған болса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қолжеткізген болатын. Сондай-ақ Азамат Төлеген мен Мейрамбек Әбдіхалық төртінші орыннан көрінген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз