Бұқаралық спорт басты назарда
2020 ж. 15 қараша
5502
0
Шымкент шаһарындағы Әл-Фараби ауданында бұқаралық спортты дамытуға басымдық беруінің нәтижесінде спортпен айналысатын азаматтар саны артып келеді. Аудан аумағында бүгінге дейін 45 спорт алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілген.
Оның ішінде аудан әкімі аппараты тарапынан 33, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 12 алаңша орнатылған. Бұл туралы аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингінде мәлімдеді.
–Биыл ауданда 18 спорт алаңшасы жөнделіп, тұрғындар игілігіне берілді. Бұдан бөлек, қосымша 18 воркаут алаңшалары да орнатылып жатыр. Қосымша 7 спорт алаңшасын орнату мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жеке меншік құқығын беретін мемлекеттік актісі алынды,- деді Ғабит Патшаханұлы. Сонымен қатар аудан әкімі 12 спорт алаңшаны орнату үшін, аудан аумағындағы бос жатқан жер телімін заңдастыру жұмысы жүргізіліп, Шымкент қаласының жер комиссиясының қаралуына жіберілгенін жеткізді.
З.Қабиоллаұлы
qazaquni.kz