«Астана» футбол клубына айыппұл салынды

Қазақстан футбол федерациясы «Астана» клубына қатысты жаза қолдануды шешті, деп хабарлайды prosports.kz.

Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында ел чемпионатының 8-туры аясында өткен «Ордабасы» мен «Астана» арасындағы матчта елордалық команданың қосалқы құрам ойыншылары трибунада маскасыз отырғаны үшін 222 240 теңге айыппұл салынды.