Ресей спорт министрі Қазақстанның ауыр атлеттерінің жеңісіне шүбә келтірді

2
932
                                                                           
Ресей президенті Дмитрий Медведевтің қолын алып тұрған Ресей спорт министрі Виталий Мутко. Мәскеу, 20 желтоқсан, 2011
12.08.2012
Ресей спорт министрі Виталий Мутко «Р-спорт» агенттігіне берген сұқбатында қазақстандық ауыр атлеттердің жеңісіне шүбә келтірді. Лондон олимпиадасында «Ресей спортшыларына төрешілер тарапынан көптеген әділетсіздіктер жасалып жатқанын» айтқан ол ауыр атлетикадағы сәтсіздіктерін қазақстандық спортшылардың «кездейсоқ» жеңісімен байланыстырды.«Қайдан пайда болғаны белгісіз біреулер олимпиадаға келе салып, «сұмдық» нәтиже көрсетіп жатыр. Оларды ешкім бақыламайтын сияқты. Қазақстан, немене, ауыр атлетиканың астанасы ма еді?» деген сұрақ қойды Мутко.

«Біз Еуропа мен әлем рекордтарын орнатып жүрсек те екінші орында тұрмыз» деп шағымданған ол «қандай бақылау жөнінде» айтып отырғанын атап көрсетпеді.

Ресей спорт министрінің бұл пікірі, тіпті, ресейлік спорт жанкүйерлерінің арасында да күлкі туғызды.

Қазақстан Лондан Олимпиадасында ауыр атлетикадан қатарынан 4 алтын медаль алған еді. Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильин бұған дейін де бірнеше жыл бойы әлемдік жарыстардың жеңімпаздары атанып, ауыр атлетика саласы бойынша дүниежүзіне танылған спортшылар болатын.

Айта кетерлігі, Светлана Подобедова басты қарсыласы Наталья Заболотнаядан дене салмағының айырмасы бойынша басым түсіп, олимпиада чемпионы атанғанда да Ресей спорт министрі Виталий Мутко «ауыр атлетикадағы дене салмағын есептейтін ережені өзгерту керек» деп күлкіге қалған болатын.

baq.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Аққұлақтың ойы әрқашан «старшый брат» болып, алдыңғы сапта жүру. Жұрттың бәріне ақыл үйрету, қандарырына сіңген шовинистік,асқындап кеткен ауру. Енді отыр ғой » чуркалар » қалай медаль алды» деп, іштері өртеніп. Бұндай империялық рухта тәрбиеленген шовинистерге айтарымыз – ІШІҢ КҮЙСЕ, АРАЛДЫҢ ТҰЗЫН ЖАЛА!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз